«Kaspi Gold кезекті рет Kaspi.kz ұсынған ең сүйікті және танымал карта мәртебесін тағы да растады. Тек соңғы 3 күнде 200 000 жуық қазақстандық біздің қосымшамыз арқылы онлайн Kaspi Gold шотын ашты» деді.
Жұма күні Михаил Ломтадзе қазақстандықтар бөлімшеге келместен, үйде отырып Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашуға мүміндік беретін жаңа, ерекше онлайн сервистің іске қосылғанын хабарлады.
Шот нөмірін 42 500 теңге жәрдемақыны алу үшін пайдалана алады. Қазақстандықтар Kaspi Gold шотын ашқаннан кейін Kaspi Банкоматтан ақша шешіп, кез-келген Kaspi Gold-қа ақша аударып, 5000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлеп, Kaspi.kz-тегі магазинде зат сатып алады және бонус алады. Карантин мен төтенше жағдай аяқталған соң KaspiGold пластикалық картасын Kaspi.kz-тің кез-келген бөлімшесінде 1-ақ минутта алып, қаладағы дүкендерде карта арқылы зат сатып алуға болады.