Қоғам • 14 Сәуір, 2020

Алтай табиғатының алапатын асырады

675 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда дәстүрлі Халықаралық құстар күнінде жабайы табиғат пен қорықтық орындарға арналған «Алтай табиғаты» атты халықаралық фотосуреттер байқауы басталды. Бұл байқауға елімізбен қатар Ресей Федерациясының Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы, сондай-ақ Моңғол және Қытай Алтайы аумақтарында түсірілген фотосуреттер қабылданады.

Алтай табиғатының алапатын асырады

Биылғы байқауға қаты­су­шы­лар үшін кейбір өзге­ріс­тер­ді айта кетелік. «Живая природа Алтая» атауымен таны­мал жоба соңғы жылдары кеңе­йе түсті. Серіктестердің саны артып, жаңадан номинация­лар қосылды. Мәселен, «Живая природа Алтая» X халы­қа­ра­лық фотобайқауы 9 аталым­нан тұрады: «Пейзаж», «Жан­уар­лар», «Өсімдіктер», «Мик­ро­әл­ем», «Мобильді фотосурет», «Тірі табиғат видеосы», «Тірі та­биғат минуты», «Тірі табиғат туралы эссе» және бонустық номинация «Қорықтық Алтай». Жа­ңа­дан қосылған «Тірі таби­ғат ми­нуты» аталымына қаты­су­шының жеке Instagram парақ­ша­­­сында орналастырылған және #МинутаЖивПА2020 хеш­­­тегімен белгіленген видео­лар кіреді. Тағы бір жаңалық, «Ті­рі табиғат туралы эссе» но­ми­на­циясы сурет авторының берген тақырыптағы ойлары мен әсерлерін білдіретін ша­ғын көлемді және еркін ком­по­зи­ция­дағы шығарма. Сонымен қатар байқау жұмыстарын ре­сім­­деуді жеңілдету үшін сауалдама ұсынылды, оны толтырып, тиісті түрде қол қойылған фото­суреттерді қоса отырып, кон­курс­қа қатыса аласыз.

Жұмыстар 2020 жылдың 1 сәуірінен 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. 27 қара­ша­да Ресейдің Барнауыл қала­сын­дағы Алтай әдебиет тари­хы, өнер және мәдениеті мемле­кет­тік мұражайында үздік жұ­мыс­тар­дың фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтпек. Сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 29 қаңтарында өтеді. «Қорықтық Алтай» номи­на­ция­сы­ның жеңімпазы жыл фотографы және «Живая природа Алтая – 2020» конкурсының бас жеңімпазы болып жарияланады.

Ұйымдастырушылар қата­рын­да Алтай әдебиет тарихы, өнер және мәдениеті мем­лекет­тік мұражайы, Алтай Рес­пуб­­­ли­касының А.В.Анохин ат­ын­дағы ұлттық мұражайы, «Тигирек» мемлекеттік қоры­ғы, «Катунь» мемлекеттік та­би­ғи биосфералық қорығы, Алтай мем­лекеттік табиғи биос­фе­ра­лық қорығы, «Сай­люгем» ұлттық паркі және еліміздің «Катон­қа­рағай мемлекеттік ұлттық таби­ғи паркі» республикалық мем­ле­кет­тік мекемесі бар.