Қоғам • 14 Сәуір, 2020

Мамандар кеңесіне құлақ асыңыз

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады.

Мамандар кеңесіне құлақ асыңыз

Сондай-ақ кейбір «пысықай» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қыз­мет­терге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды.

Жеке мәліметтерін, соның ішін­де ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері же­ке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем аза­мат­тардың шотынан өздерінің «қол­ғабыс етуімен» ұрлануы мүм­кін.

Электронды цифрлық қол­таңба мен оның құпиясөзін ал­ған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін  оның атына кәсіпкерлік ашып, баспанасына бейтаныс тұл­ғаларды тіркеп, тіптен көлігін өзге адамның атына шығара алады. Банк картасының пин-кодын  алған­нан кейін алаяқтар ондағы барлық қаражатты алып қоюы мүмкін.

Азаматтарға арналған үкі­мет қазақстан­дық­тардың онлайн түрдегі мемлекеттік қызмет­тер­дің барлық мәселесі бойын­ша, соның ішінде ЭЦҚ мен жа­ңа әлеуметтік төлем түрі бо­йынша ақысыз түрде және еш қа­уіпсіз 1414 бірыңғай байланыс орталығынан көмек ала ала­тындығын хабар­лайды. Қо­ңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта оның жұ­мысына халыққа қызмет көр­сету орталықтарының 1800-ден астам қызметкері тартылған.

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «egov по­­мощь» тобы құрылды, онда қарапайым желі қол­данушылары, IT-мамандар және халыққа қыз­мет көрсету орталықтарының қыз­меткерлерінен тұратын бір­қа­тар ерікті жиналды. Олардың бар­лығы egov.kz порталының бел­сенді қолданушылары, олар мем­лекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алады және елімізде орын алған қиын сәтте өзге аза­мат­­тарға Элек­тронды үкімет пор­­талын пайдалануды үйретуге дайын.

Егер азамат ескертуімізге қа­ра­мастан, ақылы түрде күмәнді «кө­мекшілердің» қызметтерін пай­даланып үлгерсе және жеке мәліметтерін берсе, Азаматтарға ар­налған үкімет оларға ЭЦҚ-ның құпия­сөзін pki.gov.kz-тегі же­ке кабинеті арқылы өзгер­туді не­месе кілттердің күшін жоюды ұсы­нады.