Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қапшағайлық диқандардың қырдағы қарбаласы

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматы облысындағы егістік көлемі жылдағыдан ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда 4,9 мың гектарға артады деген болжам бар. Жалпы алқап аумағы  966,5 мың гектарға жетуі тиіс. Қазір қырдағы танапта күн райына қарамай еңбек етіп жатқан облыс шаруалары осыған күш салып отыр.

Қапшағайлық диқандардың қырдағы қарбаласы

«Көктемнің әр күні – жылға азық» деген нақылды нақты іс жүзіне асыруға кіріскен Қапшағай қаласының диқандары да тыным таппай еңбектенуде. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасына сәйкес биыл шаруа қожалықтары 13 666 гектар егістік жерді игеруі тиіс. Оның ішінде 8 448 гектар суармалы алқапта дәнді дақыл егу басталып та кетті..

Жалпы жоспар бойынша дәнді дақылдар көлемі 4 297 гектарға жетуі керек екен. Қазір 3 941 гектарға жаздық арпа,  356 гектарға жүгері, 4 062 гектарға майлы дақыл, 350 гектарға картоп, 1 745 гектарға көкөніс, 190 гектарға бақша өнімі, 867 гектарға қант қызылшасы және тағы  мал азықтық өнімдер 2 155 гектарға малға азық болатын жем-шөп егу жұмысы аяқталуға жақын.

Айтпақшы, облыс көлеміндегі көктемгі дала жұмыстары 10 наурыздан басталып кеткен. Бұйырса, бұл қарбалас тірлік 25 мамырға дейін аяқталып, диқандар тынымын сонда алатын болады.

 

Алматы облысы