Спорт • 14 Сәуір, 2020

Шайбалы хоккей: «Сарыарқаның» бас бапкері тағайындалды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) өнер көрсететін Қарағандының «Сарыарқа» клубының бас бапкері болып Руслан Сулейманов тағайындалды.

Шайбалы хоккей: «Сарыарқаның» бас бапкері тағайындалды

«Сарыарқа» ЖХЛ-дағы ең беделді командалардың бірі. Жерлестеріміз айтулы жарыста екі рет топ жарды. Әр жылдары Братина кубогы және Петров кубогын олжалады. Сан мәрте жүлдегерлер қатарына қосылды. Сонымен қатар, қарағандылық хоккейшілер бірнеше рет ЖХЛ-да рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Жуырда латвиялық маман Леонид Тамбиевтың өз еркімен қызметтен кеткені белгілі. Енді оның орнына Руслан Сулейманов келді. 53 жастағы Ресей маманы  «Сарыарқаның» алдында Нефтекамскінің «Торос» клубын баптады.