Бұған дейін академиялық есуден жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты, бүкіләлемдік есу турының өтпейтінін хабарлағанбыз.
FISA коронавирус індетіне байлансты тағы да мәлімдеме жасап, іріктеу турнирлер өтетін жаңа мерзімді алдағы он күнде анықтайтынын айтты.
«Олимпиада және Паралимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылған соң, FISA кеңесі 2021 жылғы маусымды және Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің жаңа мерзімін жоспарлауда», - делінген мәлімдемеде.