Шара барысында сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды.
Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, «Нұрсәт» шағынауданы және Арғынбеков, Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан, Республика даңғылы арқылы жүріп өтті. Жалпы акцияға 30 жедел жәрдем көлігі мен 100-ге жуық медицина маманы қатысты.
Қазір әлем халықтары қауіпті індетпен күресуде. Ал оны жеңіп шығу сіз бен бізге байланысты. Үйде болыңыз!
Шымкент