Кешегі күні COVID-19 инфекциясы Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің 1977 жылы туған тұрғынында расталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған. Ал бүгін Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 жылы туған тұрғыны және Достық ауылының 1971 жылғы тұрғыны, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 жылы туған тұрғынында коронавирус инфекциясы расталды. Аталған азаматтардың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.
Індет жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген, оның ішінде 64 жастағы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды. Сондай-ақ, Арыс қаласында - 14, Кентауда - 5, Ордабасы - 2, Сайрам - 2, Мақтаарал - 4, Сарыағаш – 1, Бәйдібек ауданында 1 тұрғын індетке шалдыққан.
Түркістан облысы