Мысалы, Түркістан облысының байланыс орталығында жұмыс істейтін 128 қызметкердің бірі ерлі-зайыпты Мұрат пен Жазира қашықтан жұмыс істеу тәртібі бойынша, үйлерінен халыққа қызмет көрсетуде. Мұрат Барлыбаевтың айтуынша, соңғы кездері кеңес сұрап хабарласатындардың басым бөлігін мемлекет тарапынан берілетін көмек, банктерден шот ашу және электронды қолтаңба алу сынды мәселелер мазалайды. Яғни, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан 42500 теңге бойынша күніне 150-200 қоңырау түседі екен. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» АҚ-ның облыстық филиалының ресми өкілі Амантай Егембердиев төтенше жағдай жарияланғалы бері облыста 80 мыңнан астам азаматқа онлайн қызмет көрсетілгенін айтады. Оның 51 мыңына ұялы телефоны арқылы қызмет көрсетілсе, қалғанына бейнеқоңырау арқылы түсіндірілген.
Түркістан облысы