Қазір полиция департаментінің тергеу өндірісінде көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша 8 қылмыстық іс тексеріліп жатыр.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция бүгінге дейін төтенше жағдай режімін бұзған 388 фактіні анықтап, 227 әкімшілік материалды сот қарауына жіберген. Сот 168 іс бойынша жалпы көлемі 26510 теңге әкімшілік айыппұл белгілеп, 31 адамға әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. 161 материал әлі сот қарауында жатыр.
Полиция облыс тұрғындарынан шектеу шараларына түсіністікпен қарауды және тәртіп талаптарын бұзбауды сұрайды.
Қостанай облысы