Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Төтенше жағдай кезінде 123 құқықбұзушылық анықталған

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны Жетісай ауданында көп. Қазіргі таңда тіркелгені  - 18, оның ішінде 56 жастағы тұрғын қайтыс болған.

Түркістан: Төтенше жағдай кезінде 123 құқықбұзушылық анықталған

Сол себепті де Жетісай ауданында сақтық шаралары күшейтілген. Адам көп шоғырлататын банк бөлімшелері мен «Қазпошта» мекемесіндегі ұзын-сонар кезектер сақтық шараларының талаптарына сай ретке келтірілген. Яғни кезекте тұрған азаматтардың арақашықтығы сақталып, клиенттердің аты-жөндері мен кезектік реті дауы сұлғайтқышпен хабарлануда. Дәл осындай сақтық шаралары ауданның өзге кент, ауыл округтерінде де қолға алынуда.

Дегенмен өңірде төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағынбаған, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушылар тыйылмай тұр. Төтенше жағдай режимін бұзу бойынша облыста 123 жайт анықталып, 43 тұрғын қамауға алынған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соттың шешімімен 63 тұрғынға әкімшілік айыппұл салынған. Тағы бір азаматқа ескерту беріліп, 16 тұрғынның ісі сотта қаралуда. Сондай-ақ департамент құқықбұзушылық жасаған азаматтардың арасында төтенше жағдайдың алғашқы кездерінде той, туған күн, беташар, тұсаукесер жасағандар, ойын-сауық орындарын ашып, адамдарды қабылдағаны үшін жауапқа тартылғандар да барын жария етті. Шектелген уақытта адамдар тобы болып шоғырланғаны үшін ескерту алғандар да бар. Ал Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі блок-бекетте қызметте тұрған полицейге қарсылық білдірген тұрғын қамауға алынған.

Тәртіп сақшыларының күшейтілген режимдежұмыс атқаруы өз нәтижесін де беруде. Мысалы, өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда биыл қылмыстар саны 18,2 %-ға азайған. Қоғамдық орында жасалған құқықбұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген.