Яғни, мониторинг нәтижесінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан жоспарланған мемлекеттік сатып алуда негізсіз бағаны өсіру фактілері анықталған. Бірқатар тиісті мекемелерге жоспарланған соманы медиандық бағаға келтіріп, қайта жоспарлау бойынша хат жолданған. Мәселен, департамент мәліметінше, Кентау қаласының білім бөлімі А4 пішімді алфавиттік кітапты 517 670 500 теңге көлемінде сатып алуды жоспарлаған. Осы уақытқа дейін аталған кітаптың медиандық бағасы 1 650 теңге мөлшерінде болған, яғни сатып алу дұрыс жоспарланбаған немесе мәліметтер дұрыс толтырылмаған.
Осы орайда, департамент тарапынан бюджет қаражатын үнемдеп, тиімді жұмсау мақсатында кітаптың бағасын медиандық бағаға сәйкестендіріп, сатып алуға жоспарлаған соманы қайта қарастыру ұсынылған.
Нәтижесінде 104 965 714 теңге бюджет қаражаты үнемделді. Осындай жәйт Бәйдібек ауданында да анықталған. Аудандық білім бөлімі кітап сатып алуға жалпы соммасы 188 078 000 теңге жоспарлаған. Аталған мекемеге кітаптың бағасын медиандық бағаға сай түзеп, сатып алуға жоспарлаған соманы қайта қарастыру ұсынылды. Нәтижесінде 88 001 456 теңге үнемделіп отыр.
Департамент алдағы уақытта да бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізбек.
Түркістан облысы