Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 25 мыңнан астам балаға берілді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қаңтардан бастап Түркістан облысы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен қоса кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілуде.

Түркістан: Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 25 мыңнан астам балаға берілді

Топтаманың құрамындағы азық-түліктер мен гигиеналық құралдар балалардың жасына қарай бекітілген. Биыл облыста аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек үшін 23,1 млрд теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 6,9 млрд теңге бөлінген. Биылдың 1-тоқсанында 19,8 мың отбасыға немесе 111,9 мың адамға 2,3 млрд теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы саны 25 125 балаға 319,2 млн теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілген. Оның ішінде, ай сайын 1 жас пен 3 жас аралығындағы - 10 074 бүлдіршінге және 3 - 6 жас аралығындағы - 15 051 балдырған мен балаусаға азық-түлік үлестірілсе, 1-6 жастағы - 24 919 балаға гигиеналық жиынтық берілген.

 

Түркістан облысы