«14 сәуірде таңғы сағат 10:25-те Түркістан облысында тағы үш адамның коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланды
Коронавирус инфекциясы Жетісай ауданының Ш. Ділдәбеков ауылдық округінің 1970 жылғы, Достық ауылының 1971 жылғы, Ынтымақ ауылдық округінің Өркені елді мекенінің 1994 жылғы тұрғындарынан анықталған болатын.
Сол күні сағат 18:30-да осы өңірде тағы бес адамның вирусты жұқтырғаны туралы хабарланды.
Техникалық қателікке байланысты деректер қайталанып кетті, соның нәтижесінде таңертеңгілік жағдайлар кешкі уақытқа қайта есептеліп кетті.
Осыған байланысты, 14 сәуірде Түркістан облысында вирусты жұқтырғандар саны — 5, Түркістан облысында КВИ диагнозы қойылғандардың жалпы саны — 49, Қазақстан бойынша 1199 деп есептеуді сұраймыз», - деп Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Статистикалық мәліметтердің түзетуі бойынша елімізде 1199 адам коронавирус жұқтырған.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше