Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық саябақта аққулар жүзіп жүр

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы хабарды бізге жеткізген Ботаникалық саябақтың қарсы алдындағы «Park Avenue» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Қайрат Шыңғысбаевтың айтуынша, аққулар кеше пайда болған.

Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық саябақта аққулар жүзіп жүр
«Мен оларды болконға шыққан кезімде көрдім. Бірақ қастарына маңайлап бара алмадым. Себебі, қазір карантин жағдайына байланысты саябаққа барып, серуендеуге рұқсат жоқ» деген Қайрат жасанды көл бетінде жүзіп жүрген екі аққуды алыстан түсіріп алған бейежазбасын бізге жолдады.
 
Қайраттың айтуынша, жасанды көлге аққулардың келуіне қазіргі саябақ ішіндегі тыныштық жағдай әсер етсе керек.