Науқастың бірі өкпе қабынуына шағымданып, дәрігерге қаралған. Дер кезінде жасалған вирусологиялық сараптама 1997 жылы туған азаматтың коронавируске шалдыққанын көрсетіп, ол оқшауланды. Ал екінші тұрғын 1-7 наурыз күндері Өзбекстанға сапарлаған екен. Елге оралғасын Алматы қаласында жұмыс бабымен болған. 1975 жылы туған әйел 13 наурыздан бастап өзін жайсыз сезіне бастаған. Өз бетінше емдеу шарасы нәтиже бермегесін, тТек 6-сәуір күні ғана дәрігерге жүгінген. Және тексеру қортындысы толық анықталғанша аурухананың правизорлық бөлімінде ем қабылған. Қазір екі науқас та Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оқшауланды. Олар дерт белгісі табылғанға дейін жалпы саны 130 адаммен байланыста болған екен. Қазір олардың барлығы анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Жалпы, осы сәтке дейінгі мәлім болған дерек бойынша Алматы облысындағы жұқпалы індетпен ауырғанда рсаны 24 адамға жетті.
Алматы облысы