Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

COVID-19 адамдар арасында 4 метр қашықтықта таралуы мүмкін

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мамандары коронавирус инфекциясы бір адамнан екіншісіне 4 метр қашықтықта жұғуы мүмкін деген қорытынды жасады.

COVID-19 адамдар арасында 4 метр қашықтықта таралуы мүмкін

Сондай-ақ, CDC ғалымдары CОVID-19 вирусы ауада кеңінен тарайтынын, оған қоса бірнеше күнге дейін түрлі заттардың бетінде өзінің өміршеңдігін сақтайтынын айтты.

Бұған қоса, CDC мамандары ауыр науқастар жатқан жерлерде, яғни, қарқынды терапия көрсетілтеін орындарда коронавирустың белсенді түрде таралатынын белгіледі.

Осыған байланысты, қарқынды көмек көрсететін бөлімшелердің медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы тиіс.