Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

Алматы дәрігерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тексеріледі

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Алматы клиникалық орталық ауруханасының дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді.

Алматы дәрігерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тексеріледі

«Алматы клиникалық орталық ауруханасындағы коронавирус жұқтыру жағдайынан соң, менің тапсырмаммен Денсаулық сақтау вице министрі Камалжан Надыров пен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бірге «Көктем» шипажайында карантинде жатқан дәрігерлермен кездеседі. Барлық мәселе заң аясында шешіледі деген сенімдемін»,  деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

Бұдан соң, министр Алматыдағы медициналық ұйымдардағы коронавирус инфекциясының күшею дерегін зерттеуді тәжірибелі эпидемиолог, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасовқа жүктегенін атап өтті.

Еске сала кетейік, орталық қалалық клиникалық ауруханада 147 дәрігер коронавирус жұқтырды деген ақпарат тараған еді. Аурухананың бірнеше қызметкері «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылды.