15 Сәуір, 2020

Алматыдағы №12 аурухананың бас дәрігері жұмысынан босатылды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №12 аурухананың бас дәрігерінің жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді.

Алматыдағы №12 аурухананың бас дәрігері жұмысынан босатылды

«14 сәуірде келіп түскен өтінішке сәйкес, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қалалық орталық ауруханасының меңгерушісі Алмас Болатұлы Жувашев қызметінен босатылды» делінген хабарламада.

Қазір медициналық ұйым басшысының міндетін Абдуллаев Марат Шадыбайұлы атқарып жатыр.

Еске сала кетейік, аталған ауруханада медқызметкерлер коронавирус жұқтырды деген ақпарат тараған болатын. Аурухананың бірнеше қызметкері «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылды. 

Белгілі болғандай, Орталық ауруханадағы жаппай коронавирус жұқтыру дерегін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов тексеретін болды.