Экономика • 15 Сәуір, 2020

Бірінші несиелік бюросы ақысыз қызметті іске қосты

915 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл қарыз алушының мәртебесін желіде тексеруге мүмкіндік береді. Арнайы санаттағы 1,5 миллионға жуық қарыз алушылар несие демалыстарына қатыса алатынын осыған дейін жазғанбыз. 

Бірінші несиелік бюросы ақысыз қызметті іске қосты

2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша банктерде, МҚҰ-да, ломбардтарда, электрондық микрокредиттік серіктестіктерде және басқа қаржылық ұйымдарда 1,5 миллионға жуық қарыз алушы бар. Бұл мәліметтерді  Бірінші несиелік бюромен өткен онлайн жиын барысында білдік.  

БНБ  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің №167 бұйрығына сәйкес несиелік бюролар арнайы министрліктер тобымен бірге кейінге қалдырылған несие алуға құқығы бар 15 ерекше санаттағы (Бұйрықта көрсетілген) қарыз алушылардың тізімдерімен таныс екенін айтты.  

«БНБ байланыс және тиісті деректерді жеткізудің түрлерінің жұмысын жетілдірді.  Қарыз алушының арнайы санатының мәртебесін тексеру бойынша ақысыз қызмет автоматты түрде (API) де, қол режимінде де (PCB веб-интерфейсі) қол жетімді онлайн режимінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге Ұлттық банкте есептік тіркеуді ала алмаған және несиелік бюромен жұмыс жасамаған компаниялар шетте қалмады. Олардың көпшілігі ломбардтар. БНБ несие берушілердің осы сегменті үшін арнайы https://susn.1cb.kz порталы жасалды, оны тіркеу арқылы несие бюросымен жұмыс жасамайтын ұйымдар өз қарыз алушылардың жағдайын ғаламтор арқылы тексере алады»,  делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда 1,3 миллионнан астам қарыз алушы несиесін төлеуді  кейінге қалдыру туралы өтініш жазғанын,  жеке және ШОБ субъектілерінен 1,5 миллионнан астам өтініш келіп түскенін жазған болатынбыз. 

«Порталдағы ақпарат тегін және төтенше жағдай кезінде қол жетімді болады. Деректер тиісті министрліктермен мерзімді түрде жаңартылып отырады. Барлық қазақстандықтардың жеке деректері қорғалған», - деп атап өтті БНБ.