Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Коронавирустан көз жұмған науқастың кім екені белгілі болды

825 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында коронавирустан көз жұмған адам Жітіқара қаласының тұрғыны болып шықты.  Науқас бойындағы індет белгілерін алғаш 5 сәуірде байқаған. Алайда медицина мекемелеріне хабарласпаған. Үйінде өзін-өзі емдеуге тырысқан. Мұны дәрігерлерге науқастардың өздері айтып берген. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен шұғыл баспасөз жиынында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник мәлімдеді.

Қостанай облысы: Коронавирустан көз жұмған науқастың кім екені белгілі болды

12 сәуірде Жітіқара қаласында, бірі  - 74, екіншісі 65 жастағы екі адам қызуы көтеріліп, алқынып, әлсіреген күйде ауруханаға түседі. Науқастар жедел түрде зертханалық тексеруге жіберілген. Кеше диагностикалық зерттеу  қорытындысы бойынша олардың  екеуінің де короновирус жұқтырғаны анықталып,  госпитальға жатқызылды.

Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып,  оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

14 сәуір күні сағат 18.30-да 1945 жылы туған науқастың жағдайы күрт күрт нашарлап, дене қызуы 39 градустан асып кетті. Бүгін таңертең инкубация жасалып, науқасты өкпеге жасанды жолмен дем жіберетін құрылғыға қостық. Жүрек қызметі тоқтаған соң, толық көлемде реанимация өткізілді. Өкінішке қарай, таңғы 8.30-да науқас көз жұмды. 65 жастағы екінші науқас Жітіқара қаласында ауруханада жатыр, - деді басқарма басшысы.

 

Қостанай облысы