Зейнеткерлерге қызмет көрсету барысында мамандар санитарлық тазалықты тиісті деңгейде сақтап, қауіп төндірмеу шараларын барынша ұстанған.
«Барлық қызметкер санитарлық талаптарға сай жабдықталды. Басқарма қызметкерлері, операторлар, хат тасушылар, сұрыптаушылар, көлік жүргізушілері мен инкассаторлардың барлығы дерлік бетперделер, қолғаптар және антисептиктермен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі және жасы 80-нен асқан азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақылары мекен-жайларына арнайы сақтық киіммен қамтылған мобильдік топпен жеткізілді. Зейнетақы алушылардың қызмет алу барысында бетперде киіп, өзара 2 метр арақашықтық сақтауы бақылауда болды», дейді облыстық филиал директоры Бақытжан Ысқақ.