Бұл екеуі де қауіптілік деңгейі 1 «Б» категориясына жатқызылған елден келген азаматтар. Дәрігерлер оларды дер кезінде бақылауға алып, коронавирус анықталған соң хаттамаға сәйкес ем жүргізілген.
Ем аяқталғаннан кейін қайталама зертханалық талдамалары алынып, екеуі де ауруханадан шығарылды. Олар енді 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
Соңғы мәлімет бойынша облыс коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 126-ға жетіп отыр. Оның төртеуі жазылып шықты.