Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Түркістан: Он ауылдағы мәселе Мемлекеттік инспектордың бақылауына алынды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Келес ауданының аумағындағы Өзбекстанмен шекаралас 4 ауылдық округінің 10 елді мекеніне интернет жүйесі жетпеген. Елді мекендердегі 20 мыңға жуық тұрғынның мәселесін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов жеке бақылауына алатын болды.

Түркістан: Он ауылдағы мәселе Мемлекеттік инспектордың бақылауына алынды

Келес ауданында жұмыс сапарымен болған инспектор елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бірқатар ескертулер жасады. Мысалы «Қазақстан Халық банкі» аудандық филиалы ғимаратының халыққа қолайсыз жерде орналасқанын айтып, жаңа ғимарат салу мәселесін көтерді. Көлік көп өтетін күре жолдың бойында орналасқан ғимаратты көшіру керектігін ескертті. Халық арасында медициналық маска мен антисептиктерге сұраныс жоғары болғандықтан Серік Қожаниязов аудан орталығындағы дәріханаларды аралап, ондағы жағдайды тексерді. Жағдай тұрақты. Бұл орайда Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жергілікті кәсіпкерлерлердің көмегімен, еріктілердің атсалысуымен, қорда қосымша 50 мыңдай бетперденің бар екенін жеткізді.

1

Сондай-ақ, Мемлекеттік инспектор аудандық «Қазпошта» мен жұмыспен қамту орталығын және бірқатар сауда орындарын аралап, ондағы сақтық шараларының сақталуын тексерді.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00