Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Карантин кезінде интернеттің лимитсіз трафигін қостырушылар көбейген

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елде төтенше жағдай жарияланғалы интернеттің лимитсіз трафигін қостыруға өтініш білдірушілер көбейген. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты.

Карантин кезінде интернеттің лимитсіз трафигін қостырушылар көбейген

«Біз қазіргі уақытта тұрғындар үшін телекоммуникация қызметтерінің әлеуметтік маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан біз қазақстандықтардың болашақ қажеттіліктерін болжауға тырысамыз. Қазір Интернет, теледидар, телефония – жалпы кез-келген байланыс құралдары өте маңызды рөлге ие бола бастады. Карантинге байланысты, бекітілген интернеттің лимитсіз трафигін қостыруға өтініштер саны айтарлықтай көбейді. Бұрын тұрғындар, мобильді интернетке көшіп, бұл қызмет түрін қажетсіз деп ажыратқан болса да, қазір осы қызметті қайта қостыруға өтініш беруде. Өтініштердің көптігін ескере отырып, біздің орнату қызметтеріміздің жұмысы бірнеше күн бұрын алдын-ала жоспарланған», деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Белгілі болғандай,  «Қазақтелеком» телекоммуникация қызметтерін ұсынудың жеңілдетілген режиміне көшкен. Телефон, интернет және ақылы теледидар қызметінің ақысын уақытылы төлемеген жағдайда абоненттің байланысы өшірілмейді.

«Телефон, интернет және ақылы теледидар қызметінің ақысын уақытылы төлемеген абоненттер үшін байланысты өшірмеу туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам карантиннің сақталуына ықпал ететінін түсінеміз. Бізде әлі де клиенттермен тікелей жұмыс істейтін бірқатар қызметкерлер әдеттегі жұмысын жалғастыруда. Бәрінен бұрын, желіні орнатумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын техникалық қызметкерлердің жүктемесі артты. Айтпақшы, олар өздерін қауіпсіздік жағынан жабдықтап қана қоймай, тұтынушыларға маска кию керек екенін ескертеді - онсыз біздің қызметкерлер пәтерге кірмейді», деді ол.