Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Шымкенттік кәсіпкерлер 1900-дан астам отбасыға көмек көрсетті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында  Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-дан астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты.

Шымкенттік кәсіпкерлер 1900-дан астам отбасыға көмек көрсетті

Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 200 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Сондай-ақ қаладағы 1 Мамыр көшесі 22/2 мекенжайы бойынша орналасқан Бейімдеу орталығанда 50 қандастар отбасына азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық заттар табысталды.

Сонымен қатар, еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлікті 150 жағдайы нашар жетім балалардың отбасына жеткізді.

 

Шымкент