Спорт • 15 Сәуір, 2020

Әйгілі хоккейші жайында фильм түсірілуде

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ) айтулы біріншілікте өнер көрсететін  әйгілі ресейлік хоккейші Александр Овечкин туралы деректі фильм түсріп, 17 сәуірде оны көрермендер назарына ұсынуды көздеп отыр.

Әйгілі хоккейші жайында фильм түсірілуде

Айтулы шабуылшының ондай құрметке лайық екені даусыз. 34 жастағы Мәскеу қаласының тумасы 16 жасында жергілікті «Динамо» клубының жейдесін киді. Сол команда сапында төрт жыл ойнады. 2005 жылы Александрға ҰХЛ-дың қырағы мамндарының көзі түсті. Сол кезден бері ол «Вашингтон Кэпиталз» клубының намысын қорғауда. Америкаға келген жылы-ақ Овечкин ең үздік дебютантқа табысталатын «Колдер Трофи» жүлдесін иеленді. Сегіз рет ең мерген шабуылшы және үш рет ең құнды ойыншы атанды. ҰХЛ-дың «Жұлдыздар матчында» жеті рет өнер көрсетті. 2009 жылы ҰХЛ-дың соңғы онжылдығындағы ең үздік хоккейшілер тізіміне енді. ҰХЛ тарихындағы 100 даңқты ойыншылар қатарына орын тепті.

Ресейдің құрамасына 17 жасында қабылданған Александр Овечкин айтулы мемлекеттің намысын қорғаған және гол соққан ең жас хоккейші ретінде тарихта қалды.  Ұлттық комананың сапында ол үш дүркін әлем чемпионы, екі дүркін күміс және төрт дүркін қола жүлдегер атанды.