Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Павлодарда екі күн ішінде 108 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық полицейлермен карантинге байланысты шектеу іс-шараларын сақтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде және осыған орай облыс орталығында 7 патрульдік бекет қойылған, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда екі күн ішінде 108 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары анықтамалар мен рұқсат парақшаларын тексеруде. Нәтижесінде карантин режимін және қозғалыс шектеулерін бұзған 85 автокөлік жүргізушілері ұсталды.

-Бұл шектеулер 2020 жылғы 11 сәуірде Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бекітілген, - деді департаментте. - Осы қаулыға сәйкес, ПД-не облыста, қалалар мен аудандар, ауылдық елді мекендерде блок бекеттерді орнату мен карантиндік аймақтарда жүріп-тұру қозғалысын шектеуді қамтамасыз ету, карантин режимін сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары тапсырылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік өндірістер қозғалды. Соның ішінде 85 тәртіп бұзушылық карантин режимін бұзуға қатысты. Материалдар шешім қабылдау үшін Павлодар қаласының әкімшілік сотына жолданды.

-Сот шешімімен 1 көлік жүргізушісі 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, 6 көлік жүргізушісіне 10 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынды, - деді департаментте.

Қалған материалдар сот қарауында. Барлық автокөліктер арнайы тұраққа қойылды және олар иелеріне карантин аяқталғаннан кейін берілетін болады.