Үздіктер көшін – Андрей Канчельскис бастап тұр. Өзінің спорттық карьерасын туған жері – Украинаның Кировоград қаласында бастаған ол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында Киевтің «Динамо» және Донецкінің «Шахтер» клубтарында ойнады. 1991 жылы Тұманды Альбион еліне сапар шегіп, даңқты «Манчестер Юнайтедтің» сапында өнер көрсетті. Төрт маусымда 123 рет жасыл алаңға шыққан Канчельскис 43 голдың авторы атанды. Екі рет АПЛ-дың чемпиндық тәжіне қол жеткізді. Кейіннен Англияның «Эвертон», «Саутгемптон», «Манчестер Сити», Италияның «Фиорентина», Шотландияның «Рейнджерс» және тағы басқа чемпионаттарында бақ сынады. Сонымен қатар, КСРО, ТМД және Ресей құрамаларының намысын қорғады.
Андрей Канчельскистен бөлек, АПЛ-да табысты өнер көрсеткен «ТОП-5» футболшының қатарына Андрей Аршавин («Арсенал», 2008-13), Алексей Смертин («Портсмут», «Челси», «Чарльтон», «Фулхэм», 2003-08), Роман Павлюченко («Тоттенхэм», 2008-2012) және Юрий Жирков (2009-2011) еніп отыр.