Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

«Тақтар ойынының» жұлдызы аурудан айықты

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тақтар ойыны» сериалында Тормундтың рөлімен танылған Кристофер Хивью мен әйелі COVID-19 вирусынан айықты. Актер өзіне қолдау көрсеткен барлық жақындары мен фанаттарына Instagram арқылы  алғыс айтты.

«Тақтар ойынының» жұлдызы аурудан айықты

– Біз инфекциядан толық айықтық. Бірнеше апта қабылдаған ем жақсы нәтиже берді, қазір өзімізді жайлы сезінеміз. Қолдау көрсеткендеріңіз баршаңызға зор алғыс. Короновирустың салдарынан жақындарынан айырылған жандарға көңіл айтамыз, – деді актер.

Кристофер Хивью «Тақтар ойынынан» бөлек «Форсаж» франшизасында маңызды рөлдердің бірін сомдағанын айта кету керек. Ол «Ведьмак» сериалының екінші маусымына түсіп жатқанда өзін жайсыз сезініп, кейін вирус жұқтырғаны анықталған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45

Сәдірқызының сәулелі белесі

Руханият • Бүгін, 09:35