Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Маңғыстауда волонтерлік штаб құрылды

348 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек пен Маңғыстау облыстық волонтерлар корпусының жетекшісі Мұқаш Оралбайдың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

Маңғыстауда волонтерлік штаб құрылды

Маңғыстау облысының волонтерлар корпусы өңірдегі төтенше жағдай кезінде оперативті қызмет көрсететін волонтерлік штаб құрды, құрамында 15 волонтер бар. Волонтерлік штаб негізгі ақпараттық жұмыс, адрестік көмек және Маңғыстау облысында жүзеге асырылатын «Біргеміз: Білім» жобасына волонтерлік қолдау көрсету сынды үш бағыт бойынша жұмыс жүргізуде.

Ақпараттық жұмыс бағытында азаматтарға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен іс-қимылдары, коронавирустан қорғану туралы ақпараттандыру, қала тұрғындарына арналған ақпараттық инфографика әзірлеу және оны тарату(маска тігушілер туралы, жеткізу қызметі бар мейрамханалар мен дәріханалар туралы ақпарат) жұмыстары жүргізіледі.  Қала тұрғындарына 1000-нан аса жадынама таратылып, аялдамалар мен ақпараттық тумбаларға, тұрғындар көп шоғырланған орындарда 300-ге жуық ақпараттық бетшелер жапсырылды. Ал екінші бағыт бойынша елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап, 3 сәуірге дейін волонтерлар корпусы 17 азаматқа адрестік көмек көрсетт. Волонтерлар «Nur Otan» партиясының «Birgemiz» акциясында көрсетіліп жатырған әлеуметтік көмекті азаматтарға жеткізу жұмыстарына жұмылдырылған. Бүгінде біздің волонтерлардың көмегімен 104 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ өңірде сәуір айынан бастап Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясының ұйымдастыруымен «Біргеміз: Білім» жобасы бағыттарының бірі – ауылдық жердегі әлеуметтік жағынан осал топқа жататын бітіруші түлектерге арналған ҰБТ-ға дайындық курсы бастау алды. Аталған курсқа облыс көлемінде 200 оқушы іріктеліп алынды. Алдағы уақытта оқушылар кәсіби мамандардың көмегімен міндетті және бейіндік (оқушы таңдаған) пәндерді видеосабақ алатын болады.

-Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының барлық жобалары мен іс – шаралары онлайн режиміне көшті. Бұл жобалар мен түрлі сайыстар Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының Instagramm, Facebook, YouTube интернет желілеріндегі «Маңғыстау жастары» атты парақшасында өтеді, дейді МО Жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек.

Қаладағы негізгі қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырушы – «Біз адамбыз – біз біргеміз» қоры «Алтын Food» супермаркеттер желісі және т.б. өндіріс және бизнес субъектілерінің қолдауымен күнделікті 35 дәрігерді түскі аспен, әр сенбі сайын мекен-жайы анықталмаған 70 азаматты ыстық тағаммен қамтамасыз етіп, Ақтау қаласы мен Сайын ауылының 225 отбасына әлеуметтік көмек көрсетуде.

«Атадан мирас» ҚҚ мен қала волонтерлары 320 мұқтаж отбасыны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етуде.

«Клуб добряков» тобы жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасы санатына жататын 230 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетіп, карантиндік зонада қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерін ыстық тағаммен қамтамасыз етіп отыр.

«Ақтау қайырымды жандары» тобы 30 отбасыға әлеуметтік көмек, 6 отбасыға қаржылай көрсетті.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің волонтерлары,кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктер 40 отбасына азық-түліктер, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етті. МО ҚХА жанындағы аналар кеңесі  әскери қызметкерлерге 300 маска, «Чосон» этномәдени бірлестігі 100 маска үлестірді.