Ал табиғи газ саласында 3 жылдық іс-шара жоспары бекітілген. Соған сәйкес, қосымша 92 елді мекенді, яғни 49 мың тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Биылқұрылысы басталған 30 нысанның 20-сын аяқтау көзделген, 10 нысан келесі жылға өтпелі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталған нысандар мен мөлтек аудандардағы тұрғындарды толығымен табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында, үйге дейін газ тарту жұмысы 85-105 мың теңге аралығында болып бектілген. Қосымша әрбір жеке үй өзіне қажетті қазандықты сатып алуы тиіс.
Сондай-ақ басқарма басшысы электрмен қамтамасыз ету саласы бойынша биыл 27 елді мекендегі 19 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отырғанын жеткізді. Нәтижесінде 30 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылатын болады.