«Ақылдыдан шыққан сөз – талаптыға болсын кез».
(Абай)
Кез келген жұмыр басты пенденің бойындағы адами қасиеттерін биіктетіп, санасын дамытатын, ақыл-ойын үздіксіз кемелдендіріп, намысын үнемі жанып отыратын әлемдегі ең үздік 50 классикалық шығарманың құнарлы құндылықтарын тобықтай етіп түйіндеп, тарының қауызына сыйғызған Том Батлер-Боудонның «Ғұмырыңызды өзгертуге серпінді шабыт сыйлайтын классикалық 50 кітап» (Tom Butler-Bowdon. 50 Self-Help Classics: 50 Inspirational Books to Transform Your Life», 2003) атты туындысымен жете танысқан зерделі оқырманның бірде-бірі бейжай қалмайтыны күмән тудырмайды. Өйткені, 50 том емес, бір ғана кітап-қазынаға тоғытылған құндылық иірімінен сусындаған адамның ақ ниетті авторға тек қана риза болатыны күмән тудырмайды.

Айтса, айтқандай-ақ, Том Батлер-Боудон күні бүгінге дейін есімдері бүкіл әлемге әйгілі Лао-Цзы (б.з.д.VI-V ғ.ғ.), Рим императоры Марк Аврелий (б.з.II ғ.), өз заманында мемлекет қайраткері болған Боэций (б.з.480-524 ж.ж.), АҚШ-тың іргетасын қалаушылардың бірі – Бенджамин Франклин (1706-1790 ж.ж.) сияқты ондаған философтар мен тарихи тұлғалардың асыл ойларын ғана емес, бүгінгі әлемнің шоқ жұлдыздары саналатын Далай-лама, Дейл Карнеги, Дипак Чопра, Пауло Коэльо, Стивен Кови немесе ондаған басқа да кемеңгер ойшылдардың классикалық туындыларының ғибратқа толы сүзбесін өз шығармасының өзегіне шебер өре білген. Автордың мұндағы нысанасы да, жоғарыда атап өткендей, бүгінгі адамды, оның ішінде, әсіресе, жеткіншек жастарды адамзат өркениетінде жинақталған рухани құндылықтардың ізгілік бұлағынан сусындатып, ой-өрісі мен адами сапасын жетілдіру.
Мәселен, даосизмнің негізін қалаған данышпан Лао-цзы өз заманындағы ел тұтқасын ұстаған көшбасшыларды екі топқа бөліп қараған: біріншісі – көздеген мақсатқа тек білектің күшімен ғана жететін қара күштің иесі ян – еркек кіндікті батыр тұлға; екіншісі – инь – көпшілікті бірінші орынға қоятын ана тұлғалы емші-қолбасшы.
Данышпан Лао-цзы былай депті: «Кемеңгер абыздар көптің ішінен ерекшеленіп тұрады, себебі, олар өздерін бүтіннің бөлшегі деп есептейді. Олар көптің көзіне түсуге тырыспайды, сондықтан да олардың өңінен нұр төгіліп тұрады. Олар ұлы нысаналарға қол жеткізеді. Себебі, олар атақ-даңқ іздемейді. Олардың абыздығы айтқан пікірлерінен ғана білінбейді. Бұл қасиет олардың тұла бойында тұнып тұрады. Олар бәске түспейді, себебі, олармен ешкім пікір таластырмайды».
Демек, жасампаз халқымыздың: «Ұлық болсаң, кішік бол» немесе «Бетегеден биік, жусаннан аласа бол» деген даналықтарының да астарының тым тереңде жатқанын, сосын олардың өзге халықтардың құндылықтарымен тең түспесе, кем түспейтінін де, адамзат ізгіліктерімен астасып жататын мыңдаған жылдық тарихы бар екенін де аңғару қиын емес.
Біздің заманымыздың 161 жылынан 180 жылына дейін 19 жыл Рим империясының тізгінін ұстаған Марк Аврелий – соңына әділеттіліктің өшпес ізін қалдырған философ. Өзінің «Ойтолғау» («Meditations») деп аталатын әйгілі еңбегінде кемеңгер император кез келген кісі төңірегіндегі бұйымдар мен адамдарды өзінің қалауына сай пішіп-кесуге тырыспай, оларды баз қалпында қабылдау қағидасын берік ұстанған. Сонымен қатар, әлемге басқа адамның көзімен қарауға тырысудың өзі де кез келген тұлғаның көкжиегін кеңейтетінін дәріптеген. Кісінің өзінен басқа жанды жек көруі, жақтырмауы немесе сыртынан ғайбаттауы табиғат заңына қайшы келетінін, сос