Әрине дәрігер мамандығы қашанда қиын, жауапты мамандық. Осы мамандықты өзім таңдағандықтан, басымды бәйгеге тігуге дайынмын. Отбасымызды көрмегенімізге 20 шақты күн болды. Ең қиыны сол екен. Бірақ бәрі де уақытша қиындық қой.
Мен медицина қызметкерлерінің қауіптілігі аса жоғары 1-тобына кіремін. Төлемақыны толық алдым. Бірақ біз ақша үшін жұмыс істеген жоқпыз. Өз кәсіби міндетімізді атқардық. Осы еңбегімізді жоғары бағалаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет айтамын. Бұл мемлекеттің медицина қызметкерлеріне жасаған үлкен қолдауы. Бәріміз де дән ризамыз.
Гүлмира ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,
Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасының инфекционист дәрігері