10 Қыркүйек, 2013

Сынақ салдарын зерттеу жалғаса береді

423 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып белгіленгеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Бүкіләлемдік маңызы бар осынау датаның дүниеге келуінде Қазақстанның рөлі зор екендігі мәлім. Семей сынақ алаңын жабудан бастап, өзге де ядролық қарулардың адамзат өміріне қауіп тудырмауын тынбай айтып келе жатқан Елбасы еңбегін алыс-жақын шетел жұрты оң бағалауда.

Қазақстан басшысының қадамы Семей жерінде бірінші күннен бастап қолдау тауып, халық белсенділігі артып отыр. Соның бірі – Семей мемлекеттік медицина университеті базасында «Экология. Радиация. Денсаулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының тұрақты өтіп келе жатуы. Биыл 29 тамызда сегізінші рет жалғасын тауып отырған бұл конференция осы университеттің 60 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Дүние жүзінің 6 мемлекетінен және еліміздің ғалымдары мен арнаулы мамандарының басын қосатын жиын жөнінде Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай РАҚЫПБЕКОВТІ сөзге тарттық.

100913-Семей

Толебай100929 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып белгіленгеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Бүкіләлемдік маңызы бар осынау датаның дүниеге келуінде Қазақстанның рөлі зор екендігі мәлім. Семей сынақ алаңын жабудан бастап, өзге де ядролық қарулардың адамзат өміріне қауіп тудырмауын тынбай айтып келе жатқан Елбасы еңбегін алыс-жақын шетел жұрты оң бағалауда.

Қазақстан басшысының қадамы Семей жерінде бірінші күннен бастап қолдау тауып, халық белсенділігі артып отыр. Соның бірі – Семей мемлекеттік медицина университеті базасында «Экология. Радиация. Денсаулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының тұрақты өтіп келе жатуы. Биыл 29 тамызда сегізінші рет жалғасын тауып отырған бұл конференция осы университеттің 60 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Дүние жүзінің 6 мемлекетінен және еліміздің ғалымдары мен арнаулы мамандарының басын қосатын жиын жөнінде Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай РАҚЫПБЕКОВТІ сөзге тарттық.

Төлебай Қосиябекұлы, «Эко­логия. Радиация. Денсау­лық» атты конфе­рен­цияның 8-ші рет жалғасқаны оның ма­­ңыз­дылығын білдірсе керек.­ Бұл халық­аралық басқосу өзі­нің әу баста алдына қойған мақ­сатына қаншалықты қол жет­кізе алды?

– Халықаралық ғылыми конференция мақсаттары – елімізде және шетелдерде радиация әсерінің медициналық-биологиялық зардаптарын түбегейлі зерттеу. Осы зерттеулер нәтижелеріне орай болашақта мәселелерге ба­сымдық берілуін анықтау. Істен шыққан ядролық отынды кө­муге атсалысып, радиациялық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету. Қолымыздан кел­генше Чер­но­быль және «Фу­ку­сима-1» атом­ стансаларындағы апаттар тудырған зардаптар мен эколо­гия­лық қолайсыз аймақтар тұр­ғындары денсаулығына қоғам­ды тарту. Конференцияға қаты­сушылар негізінен дүние жүзіндегі радиациялық медицина м ен экология мәселелерін және оларды шешудің жолдарын да талқылады.

Еліміздегі жалпы генетика­ және цитология институты, ҚР Ұлттық биотехнология­лар­ орталығы, Курчатовтағы ра­­диациялық қауіпсіздік және экология институты, ҚР Ұлттық яд­ролық орталығы, Қазақ та­ғамтану академиясы, Семейдегі радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу инс­титуты, «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы өкілдері, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Финляндия, Үндістан елдерінің медицина ғалымдары аталмыш конференцияның тұрақты мүшелері.

Бір айта кетерлігі, биылғы жиындағы түрлі ұйымдар мен жо­баларды бас­қа­рушылар біздің ЖОО-ның әр жылдардағы түлек­тері. Олар еліміздің медицина ғылымына, денсаулық сақтауды да­мытуға үлкен үлес қосқан мамандар.

Басқосу мақсатының тағы бір парасы – экологиялық жайсыз аумақта тұратындарға меди­ци­налық көмек көрсетуді жетілдіру, мәселелерді ғылыми жүйемен реттеу, арнайы бағдарламаға енгізу. «Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік», «Эко­логиялық қолайсыз аумақтардағы клини­калық медицинаның өзекті мәселе­лері», «Экологиялық қолайсыз аумақтарда тұратын халық денсаулығын оңалту» секілді нақты бағыттардың жұ­мысына баға беріледі.

Осы конференция аясында Қазақстан, АҚШ, Жапония, Еуропа, Ресей, Украина, Тәжікстан, Беларусь мемлекеттерінің ірі ғалымдарының қатысуымен радиа­ция­лық экология және қауіпсіздік, клиникалық медицина және эко­ло­гиялық жағымсыз аумақтарда тұратын тұрғындарды оңалту мен ем­деу және алдын алу мәселелері бойынша жайттар талқыланады. Тың­далған және талқыланған баяндамалар мен ұсыныстар ме­дицинадағы ғылыми-тәжірибе айналымын байы­та түсетіндігімен құнды.

– Бұл жиынға шетел ғалым­дары­ның тұрақты қатысып, зор белсенділік танытып келе жатқандығы да тәнті бо­лар­лық жағдай. Сынақ зардаптарын түбе­гейлі зерттеп келе жатқан ғалымдар қан­дай нәтижелерге қол жеткізіп, нендей тұ­рақ­ты тұжырым жасады? Бастапқы бас­­қос­у­­лар­дағы баяндамалар жеміс берді ме?

–Семей полигонында 40 жыл бойы жүргізілген орасан­ ядролық қару сынақтары жүздеген мың тұрғынның сәулеленуге ұшырауына және Қазақстанның ауқымды жерінің радиациялық белсенді заттармен ластануына әкелді. Әуелде иондау­шы сәулеленуге ұшыраған тұрғындар арасында ісік және генетикалық аурулар таралуының қаупін анықтау қажет болды. Бұдан басқа соматикалық әсерлер, оның ішінде, ең бастысы, қан айналымы мен эндокринді жүйелер бар. Қазіргі уақытта сәулеге ұшыраған ата-аналардан дүниеге келген ұрпақтың ағзасындағы патологиялық өзгерістердің туындауына радиация әсерін зерттеу мәселесі пайда болып отыр.

«Халық денсаулығына жа­ғымсыз әсердің алдын алу үшін экологиялық қауіпті мини­мизациялаудың ғылыми негіз­дел­ген технологиясын жасау» ғылыми-техникалық бағ­дар­ламасы бойынша біздің ғалымдар адам бойындағы иондаушы сәуле әсері олардың 2-3 ұр­пағына мультифакториалды жалғасатындығын зерттеп келеді.

Алдын ала нәтижелер бойынша ионды сәуле тұрғындар арасында остеопороз, гинекологиялық аурулар, әйелдердің сүт бездері аурулары, эндокриндік жүйесінің аурулары, қан айналымы жүйе­сі­нің аурулары, иммундық жүйе­­нің бұзылуы және де артериал­ды гипертония, балалар мен жасөспірімдер арасында зәр шы­ғару жүйесі ауруларының жиілеуін арттыратындығы анықталған.

Радиация зардабын ықшамдай отырып қауіпті жағдайда өмір­ сүріп жатқан адамдар денсау­лы­ғын жақсарту бағытында жаңа инновациялық әдістер әзір­леу­деміз. Радиация әсерлерінің алдын алу мен емдеудің тиімді тәсілін практикаға енгізу бүгінгі күннің стратегиялық бағыты болып табылады. Алдын алу іс-шараларын нығайтып, скринингтік зерттеулерді жетілдіруді, негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуді одан әрі дамыта түспекпіз. Бұл бағытта біздің ЖОО 2011-2015 жылдардағы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында жүзеге асыруды көздейді.

«Экология және радиация» тақырыбы Семей медициналық университетінің ғылыми-зерттеу нысанасының басым бағыты болып қала береді.

– Сіздің бастамаңызбен шетелдік инс­титуттармен байланысты арттырып, озық тәжірибелерін үйренуге қатысты бірнеше жобалар жасалғанын білеміз. Соның ішінде ядролық сынақтардан зардап шеккен жерді залалсыздандыру мен ел денсаулығын сауықтыруға қатысты қадамдар да жоқ емес екен. Тәжірибелі ғалым ретінде сізді осы мәселеге қатысты қандай сауалдар мазалайды?

– Осы уақытқа дейін біздің білім, ғылым және практикалық қызмет салаларындағы әріптестікті дамыту мақсатымен 20 шетелдік университетпен және ғылыми мекемелермен келісімшарт жасалды. Олардың қатарында Жапония, АҚШ, Сингапур, Израиль, Ко­рея, Үндістан, т.б. елдердің мақ­таулы оқу орындарымен байланыс қалыптасқан. Мысалы, Нагасаки университетінің медицина факультеті осы конференцияға жыл сайын қатысумен бірге, «Семей ядролық полигоны тұрғындары арасында қалқанша без обырының этиологиясы» тақырыбын бірлесе зерттеп келеміз. Келесі әріптесімізбен «МИР-Казахстан» біріккен жобасындағы ядролық сынақтан радиацияға шалдыққандарды радиологиялық және радиоэкологиялық жағдай­лар­ды мультиорталықтық зерттеуде бірлесеміз. Сондай-ақ, «Ра­диациялық медицина» және «Биофизика» мамандықтары бойын­ша магистрлерді даярлаудың біріккен бағдарламасы аясында білім алушылар оқудан кейін Қазақстан және АҚШ дипломына ие болады.

Семей мемлекеттік медицина университеті зардап шеккен аумақ халқын одан әрі оңалту мақсатында осы мәселелермен айналысуды өзінің міндеті деп санайды. Осы бағытта барлық дүниежүзілік қоғамдастықты тарта отырып, біз адамдар денсаулығын сақтау және нығайтуға – жоғары мақсаттарға қол жеткізуге үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл конференция мінбері нақты бағыттағы ашық әңгімеге тарту, пікір білдіру, сұхбаттасу, мәселелер шешімін іздеу мүмкіндігі. Бұл бағытта табыстар мен жетістіктер бар.

Қорыта айтарым, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі таңда барша адамзаттың кауіпсіздігі жолында ядролық қарудың дүние жүзінде таралмауын үздіксіз айтып келе жатқан бірден-бір Мемлекет басшысы. Біздің конференциямыздың халықаралық деңгейге ұласуына Қазақстан Президенті беделінің зор ықпал еткенін мақтанышпен айта кеткім келеді.

Әңгімелескен

Қайрат ЗЕКЕНҰЛЫ.

Семей.

Соңғы жаңалықтар