Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Оралда індет жұқтырғандар 20-ға жетті

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 15-сәуірдің кешінде 20-ға жетті.

Оралда індет жұқтырғандар 20-ға жетті

«Коронавирустық инфекция табылған екі адам - «COVID-19» вирусы анықталған азаматпен бірге Ресей Федерациясынан келген Батыс Қазақстан облысының тұрғындары» деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Полимерлік тізбекті реакция арқылы диагностикалық зерттеу қорытындысы бұрын індет жұқтырған тұлғамен қарым-қатынаста болған екі адамның да бойында «COVID-19» вирусы бар екенін көрсетті. «Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды» делінген хабарламада.

Індетпен күрес алгоритміне сәйкес, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

 

Батыс Қазақстан