10 Қыркүйек, 2013

Балығы тайдай туласа өзен-көлдің

540 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Соңғы жылдардағы қар суының жетімсіздігі, жаз­да­ғы қуаңшылық салдарынан өңірдегі өзен-көлдердің көбінің суы тартылып, кейбіреулерінің табаны мүлдем құрғап қалды. Бұл олардағы балықтың да құрып кетуіне соқтыруда. Өнеркәсіптік мақсатты былай қойғанда, әуесқой балық­шы­лықпен айналысудың өзіне қауіп бұлты төне бастады. Облыста өзен-көлдерді балық­тан­дырудың қазіргі жай-күйі қандай? Бар балықты сақтауға қаншалықты көңіл бөлінуде?

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы тілшісі Сатыбалды Сәуірбай Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Ақтөбе облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Мақсат Разбаевқа:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Қазір облыстағы су көздері толық есепке алынды. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы №167 қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар су айдындары тізіміне 77 ірі су айдындары енгізілген. Оның ішінде 10 өзен салалары, 51 көл, 8 су қоймасы, 8 тоған бар. 2004-2011 жылдары 33 су айдындары, оның ішінде 8 өзен салалары, 13 көл, 5 су тоғаны, 6 су қоймасы шаруашылық құрылымдарына он жыл мерзімге жалға және бір тоғандар жүйесі «Ардағым» шаруа қожалығына жеке меншікке бекітіліп берілді.

Соңғы бес-алты жыл бойы қар және жаңбыр суының тапшылығына байланысты өзен-көлдер, су қоймалары мен тоғандар қажетінше суға толмай, балықтың өсіп-өнуіне көп қиындық келтіргені рас. Оны айтасыз, Ырғыз ауданында –16, Алға ауданында бір көлдің табаны тартылып, кеуіп қалды. Осы себептерге байланысты өткен жылы жеті пайдаланушы 9 көлден және Ырғыз өзені жүйелерінен бас тартып, бекітілген су айдындарынан босатылды. Ауа райының күрделі жағдайына тап болған пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жоспарлы жұ­мыстарды жүргізуге мүм­кін­дігі жоқ. Көлдердегі су­дың кеуіп кетуіне байланыс­ты ғылыми жұмыстарға, тех­никалық-технологиялық құрал­дармен жабдықтауға және ба­лықтандыру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу тоқтап тұр. Сондықтан су көздерін пайдаланушылардың жалпы көрсеткіші төмендеуде.

Биыл мамыр айында Ырғыз ауданындағы өзен-көлдерге тексеру жұмыстары жүргізілді.Тексеру барысында 15 көлдің толықтай кеуіп қалғаны, ал бірқатарының суы азайғаны анықталды. Өткен жылы облысқа бекітілген балық аулау лимиті 152,8 тонна болатын, бұл көрсеткіш толығымен орындалды. Облыс бойынша 2013 жылға 120,8 тонна балық аулауға лимит бөлінген. Осының өзінен-ақ, өзен-көлдердегі балықтың жыл өткен сайын азайып бара жатқанын аңғару қиын емес.

Солай бола тұрса да, біз ба­лық қорғау жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеміз. Облыста өзен-көлдерді балықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар