Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Хабарсыз кеткендер дерегі Ресей архивтерінен табылуда

2338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті Мемлекеттік архивтің деректерінше, Екінші Дүниежүзілік соғысқа  өңірімізден 46 мыңнан астам адам аттанған. Соғысқа аттанғандардың қатарындағы  10 мыңнан астамы қаза болса, тағы сондай 10 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.

Хабарсыз кеткендер дерегі Ресей архивтерінен табылуда

Бұлардан бөлек, 2 мыңдай сарбаз әскери госпитальдерде көз жұмды. Жергілікті архив басшысының орынбасары Ханшайым Мақажанованың  айутынша, 31 павлодарлық Кеңес Одағының Батыры атанса, 8 жауынгер ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері атанған.

Ал, соғыс кезінде әскерге шақырылғандар жөнінде мәліметтердің көбі еліміздің Қорғаныс министрлігіне қарасты жергілікті қорғаныс департаменттерінде, архивтерде сақтаулы.

Сондай-ақ Ресей Қорғаныс министрлігінің Подольскідегі Орталық архивіне сұрау салуға болады.

Бүгінде интернет жүйесінде бұл архивтің үш жобасы жұмыс істейді. Біріншісі, қаза болған және хабарсыз кеткендер жайлы жалпылай жинақталған «Мемориал» мәліметтер банкі.

Екіншісі – соғыстан аман-есен оралғандар мен қаза болғандар жайлы «Подвиг народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» атты құжаттардың электрондық банкі.

Үшіншісі - «Память народа» порталы.

Жергілікті архив қызметкерлері  Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінде осы бағытта жұмыс жүргізген.

Нәтижесінде, соғыста қаза тапқан 116 жерлесіміздің есептік-тіркеу карточкаларын табылады.

Облыс архивінің қоры бірқатар құнды деректермен, құжаттармен толықты.

Мысалы, Кеңес Одағының Батырылары Қ.Қамзин, К.Семенченко, И.Скляровтар жайлы, Даңқ ордені иегерлерінің марапатталу қағаздары, әскери бөлімдердің осы жоғары марапатқа ұсыну жөніндегі бұйрықтары анықталды

Сонымен қатар соңғы жылдары соғыста хабарсыз кеткендерді іздестіру жасақтары жүйелі жұмыс жүргізуде. 

 

Павлодар облысы