Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Карантин уақытын 200 полиция қызметкері, 150 Ұлттық Ұлан сарбаздары бақылауда

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин уақытында облыс  аумағында  9 бақылау-өткізу бекеті бар. Бесеуі облыс орталығында, екі-екіден Ақсу мен Екібастұз қалаларында орнатылған. Барлық аудандарда мобильді бекеттер қызмет етуде.

Карантин уақытын 200 полиция қызметкері, 150 Ұлттық Ұлан сарбаздары бақылауда

Суретті түсірген Валерий Бугаев

Тосқауыл-бекеттерінде полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, облыс  орталығы аумағындағы карантиндік режим қатаң бақылануда. 

Жалпы,  қаланың орталығы 64 негізгі секторға бөлініп, әрқайсысына жеке-жеке патрульдік қызметкерлер жіберілген. Яғни, қаланың қауіпсіздігін сақтау және карантин режимін қадағалау шарасына 200-дей полиция қызметкері мен 150-дей Ұлттық Ұлан сарбазы жұмылдырылған.

- Қалаға кірген, шыққан көліктерді қатаң тексеруден өткізудеміз. Тек шұғыл шақыртумен жолға шыққан Жедел жәрдемді, жерлеу рәсіміне баратын туыс-жақындарына құжаттар арқылы ғана рұхсат. Ал, карантин режимі іске қосылған алғашқы күні облыс орталығына жеке көліктерімен 1300-ден астам адам кірген болса, 840 азамат қаладан шығып кетті. Полиция қызметкерлері медициналық қорғаныс құрал-жабдықтарымен, бетперде, қолғаптармен қамтамасыз етілген. Учаскелік инспекторлар да қызметтік планшеттер қолдануда. Тосқауыл-бекеттерінде тұратын қызметкерлер басқа жұмысқа жіберілмейді. Олар жұмыс уақыты аяқталған соң жатақханалар мен қонақүйлерге барып қонады. Үйлеріне баруға рұқсат жоқ, - деді полиция басшылығы.

Сонымен қатар облыс  орталығындағы карантинге жабылған 3 тұрғын үй мен №1-ші қалалық аурухана маңында кезекшілік қызметін атқаратын мамандарда жатақханалардан  бөлмелер берілгендіктен, үйлеріне бармайды.

 

Павлодар облысы