Саясат • 16 Сәуір, 2020

Тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш елші

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан 28 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстан Республикасының тұңғыш Тұрақты өкілі – Ақмарал Арыстанбекова тағайындалды.

Тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш елші

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекованы тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Ақмарал Арыстанбекова – тәуелсіз Қазақстанның бірінші Елшісі, ел тарихындағы тұңғыш әйел-елші, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұңғыш Тұрақты өкілі.

А. Арыстанбекова өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, жоғары сенімді ақтап, Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген сыртқы саяси бағытты іске асыруға елеулі үлес қосып, әлемдегі ең ықпалды халықаралық ұйымға жас тәуелсіз мемлекеттің ұстанымы мен беделін нығайта түсті.

Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшелігіне қабылдау туралы өтініші 1991 жылғы 31 желтоқсанда Ұйымның Бас хатшысына тапсырылды. Осы сәттен бастап БҰҰ жанындағы ҚР тұңғыш Тұрақты өкілі жас тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясатын таныстыру және көпшілікке тарату бойынша БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында үлкен жұмыс атқарды. Бұл 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ отбасына қабылданғанына ықпал етті. Сол күні Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында баяндама жасау құрметіне ие болды.

А. Арыстанбекова халықаралық қатынастар жүйесінде 30 жылдан астам жұмыс істейді, оның жинақтаған тәжірибесі баға жетпес және жас дипломатиялық элитаның қалыптасуы үшін қызмет етеді. А. Арыстанбекова өзінің білімдерімен үнемі сұранысқа ие және бірнеше рет қайта басылып шыққан мемуарлар мен монографияларда бөліседі.