10 Қыркүйек, 2013

Мешімбаеваны алып келді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы полициясы Қазақстанға Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваны жеткізді

Үстіміздегі жылғы ақпанда 2009 жылы Қаржы полициясы қыз­меткерлері тарапынан із­деу жарияланған Статистика агент­тігі­нің бұрынғы төрайымы А.Ме­шім­баеваның жүрген жері жедел жолмен анықталды.

Биылғы 6 ақпанда оны Мәс­кеу қаласында Ресей ІІМ қыз­­­­меткерлері ұстаған болатын. Ре­сей Феде­ра­циясының құ­қық қорғау орган­дарының оны бе­руінен кейін кеше таңертең Мәс­кеу – Астана әуе рейсі­мен Қаржы полициясы агенттігі қыз­меткерлерінің қарауылымен А.Ме­шімбаева Қазақстанға жет­кізілді.

Естеріңізге салсақ, А.Ме­шім­бае­ваға 2009 жылғы қарашада ұлттық санақты жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Бүгінгі күні ол Астана қаласы ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар