Руханият • 16 Сәуір, 2020

Египет билігі перғауындар қабірлеріне онлайн турлар ашты

1367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Карантин әлем елден ерекше деп  қабылдайтын  тарихи, мәдени құндылықтарыңды жарнамалауға кедергі емес екен. Бұған дейін табалдырығынан аттағандарға ғана есігі ашылатын ежелгі Мысыр жеріндегі перғауындардың өлі қалашағы енді онлайн түрінде жарнамалана бастады.      

Египет билігі перғауындар қабірлеріне онлайн турлар ашты

Мысалы, онлайн арқылы көрсетіле бастаған Гизадағы Саккар пирамидасында  Египеттің бас діни қызметкерінің «ерекше сақталған» қабірі  жақында ғана аршылып алынған. «Қабірден олар қабырғаға бай суреттер мен елуден астам мүсіндерді тапты. 4,5 мың жыл деп есептелген қабір шамамен 30 шаршы метрді құрайтын тікбұрышты залдан және соңында жертөледен тұрады» деген мәліметтер қоса ұсынылған. «Египеттің елдің тарихи және мәдени мұрасын қорғаумен және сақтаумен айналысатын министрлігі ежелгі перғауындардың қабірлері  мен басқа да көрнекті орындарға ақысыз онлайн-сапарлар ұйымдастырды» деп хабарлайды Knife порталы.  

Бұл туралы сол елдің ең басты туризм агенттіктері  Twitter-де хабарлады. Министрлік әлеуметтік желілерде экскурсияларға сілтемелер жариялайды, оларды #StayHome хэштегтерімен толықтырады. Виртуалды турлар көптеген суреттерден тұратын бөлмелердің 3D-модельдері ретінде ұсынылған. Құрылымның виртуалды көшірмесінде еркін қозғалуға, камераны үлкейтуге мүмкіндік бар. Тіпті ерекше жетілдірілген құрылғылардың көмегімен  қабірлердің ішін аралап жүргендей әсер алуға да мүмкіндік бар.

Сонымен, министрлік әзірге болатын сегіз орынның тізімі төменде: 

Бағдарланған турлар араб және ағылшын тілдеріндегі түсініктемелермен бірге жүреді.

Меннаның қабірі;

Мересанх патшайымының III қабірі;

Қызыл монастырь;

Сұлтан Баркук мешіт медресесі;

Бен Езра синагогасы;

Бени Хасан некрополиясы.

Ком-эль-Шукаф катакомбалары.

Перғауын Рамсес VI қабірі.

Гизадағы Саккар пирамидасы

Ежелгі Есік қаласының сақтар өркениетінің орталығы болғандығы туралы пікірді археолог-тарихшы Байпақов талай рет айтқан. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр­дың басында Алматыда 50 сақ қорғаны болғанын дәлелдейтін деректер архео­лог Борис Дублиц­кийдің ең­бек­терінде кездеседі. 1940 жы­лы оның «1939 жыл Ал­маты аумағында жүргізілген архео­логиялық зерттеулердің нә­тижесі туралы қысқаша есеп» деген моно­графиялық еңбегі жеке жинақ болып жарияланды. Бірақ біз оларды сақтай алмадық; 1940 жылдары КСРО-да индустрияландыру бағдарламасы жүрген кезде ежелгі қабірлер құрылыс астында қалды.

Қалауын тапса, қара тас та сөйлейтінін әлемдік туризм тәжірибесі күн сайын дәлелдеп жатыр. Түріктердің  Сүлеймен сұлтан сериялынан соң  шабаданы жиналмайтын әлем  туристерінің аңсары Түркияға ауды. Қазір Түркия сол заманда Сүлеймен патшаның, Хюрем сұлтанға қатысы бар адамға қатысты адамдардың қабірлерін онлайн туризм  арқылы жарнамалау арқылы ғана табыс көзін толықтырып отыр.

Өркениеттен шаршаған адамзат тарихын тас пен моладан іздеп  ел асып, жер асып кетуге дайын отыр. Қазақстан тарихи жерден де кенде емес, Түркістанның түбінде топырағы үйіліп жатқан Отырар төбені «Шыңғыс ханның қалың қолының беті қайтқан жер осы» деп жарналамасаң, кез-келген туристің назары ауады.

Алматы жері қорғандардан да кенде емес. Сақтар қорғанын аршып қалсаң тарихы күмбірлеп   сөйлеп кетуге дайын отыр.

Қазақстанда тарихи жер деп мемлекет қарауына алған әрбір нысанның   онлайн   түсірілімін дайындап, әлемдік қауымдастыққа таныстыратын кез келді. Қазіргідей цифрализация дәуірі үшін бұл тірлікті қолға алудың түк те қиындығы жоқ.