Тараптар трансшекаралық су нысандары жөніндегі ынтымақтастық мəселесін талқылаған.
- Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық орган құру туралы шешім қабылдаудың сəті түсті. Бұл ретте ғалымдар өзеннің экожүйесін сауықтыру жəне су арнасын болжамдау жөніндегі екі мəселе бойынша жұмыс істейді. Органның құрамын 20 сəуірге дейін анықтау келісілді, - деп жазды М.Мырзағалиев.
Министрдің деректері бойынша, сондай-ақ Жайық жəне Ертіс өзендерін эко-сауықтыру бағдарламасын, Жайық өзенінің гидрологиялық режімін тексеру мəселесін талқылаудың сəті түскен.
- Бұл жұмыстар Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Атқарылатын істерді қазақстандық-ресейлік салалық комисия шеңберінде жандандыру келісілді, - деп атап өтті Қазақстанның Экология министрі.
- Бұл уағдаластықтар біздің елдеріміздің су шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырып, трансшекаралық су нысандарының эко-ахуалын жақсартуға арналған, - дейді М.Мырзағалиев.
Бұдан басқа, тараптар Қазақстан мен Ресей 17- аймақаралық ынтымақтастық форумының шеңберінде қол қою жоспарланып отырған екіжақты құжаттардың жобасын талқылап, оларды келісу процесін жеделдетуге уағдаласты.