Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Оралда бүгін 5 науқас тіркелді

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабының мәліметінше, 16 сәуір күні таңертең өңірде вирус жұқтырғандардың саны 25-ке жетті.

Оралда бүгін 5 науқас тіркелді

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Олардың бәрі облыс тұрғындары, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Бір науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген. Екінші азамат коронавирусқа шалдыққан науқаспен байланыста болған адам ретінде тіркелді. Ал қалған үшеуі – Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар екен.

Ресей Федерациясы шекарадағы «Тасқала» бекетінде санитарлық карантин бекеті қызметкерлері келушілерден сауалнама алып, термометриямен қашықтан тексеру кезінде екі адамның дене қызуы көтерілгені байқалған. Оларды COVID-19 зертханалық тексеру үшін жедел жәрдем көлігі шақыртылып, карантиндік стационарға жатқызылды. Кейін олардың COVID-19 диагнозы нақтыланды.

«Қазір науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыс жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда»,- дейді Нұрлыбек Мұстаев.

Сонымен, соңғы мәліметтер бойынша Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 24 адам, провизорлық стационарда – 70 адам, карантин орталығында – 113 адам, ал үй карантинінде 1370 адам оқшаулануда.

 

Батыс Қазақстан