10 Қыркүйек, 2013

Жаһандық форумның жай-жапсары неде?

267 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Президент жа­нын­дағы Орталық комму­ни­ка­циялар қызметінде бүгін басталатын «Дамушы на­рықтардың екінші Еуразия­лық форумына» қатысты брифинг болып өтті. Оны әдеттегідей аталған қыз­меттің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев жүргізді.

 

Кеше Президент жа­нын­дағы Орталық комму­ни­ка­циялар қызметінде бүгін басталатын «Дамушы на­рықтардың екінші Еуразия­лық форумына» қатысты брифинг болып өтті. Оны әдеттегідей аталған қыз­меттің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев жүргізді.

Брифингтің бірінші бөлімінде А.Әбибуллаев елімізде және шет­елдерде болатын маңызды шаралар туралы айтты. Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында нығайтуға зор мән береді. Біздің елімізге Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында екі елдің көшбасшылары бұл мәселелерді кеңінен талқылағанына тоқталды. Осы айдың 13-де ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 13-ші отырысына қатысады. Басқосуда Ұйым дамуының болашағы, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланады, деді А.Әбибуллаев.

Сондай-ақ, елімізге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен келмек. Оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров арасында өтетін келіссөзде саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы және халықаралық деңгейдегі түйткілді мәселелер сөз болады.

Аймақаралық және шекара маңындағы ынтымақтастық аясында отын-энерге­ти­калық және ғарыш саласындағы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық эко­но­ми­калық қауым­дастық, Кеден ода­­ғы, Біртұтас экономикалық кеңіс­тік, Ұжым­дық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйымы, Шан­хай ынты­мақ­тас­тық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім ша­ра­лары жөніндегі кеңес және Бірік­кен Ұлттар Ұйы­мы аясындағы ын­ты­мақтастықтағы өзара әре­кеттерге көңіл бөлінеді, деді А.Әби­буллаев.

Елімізде моноқалаларды да­мы­тудың 2012-2020 жылдарға ар­налған бағдарламасы бекітілді. 27 моноқаладағы 1 млн. 530 мың тұрғынға бағытталған бағ­дар­ламаның бас­ты мақсаты – жергілікті экономиканы әртараптандыру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Бағдарлама бүгінге дейін қалай іске асып жатыр, Үкімет қандай мәселелерге мән беруі қажет, осы және басқа да мәселелер 10 қыркүйекте өтетін Үкі­меттің дәстүрлі отырысында қаралады, деді аталған қызметтің ресми өкілі.

Шарамыздың негізгі бөлігінде айтайын дегенім, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, сонымен қатар, басқа да халықаралық көрнекті қайраткерлердің, бұрынғы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуларымен тұңғыш рет Ас­та­нада «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы өтеді, деп сөзін жалғады А.Әбибуллаев.

Аталған форумда Президент Нұр­сұлтан Назарбаев «Қазақ­стан-2050: Әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына кіру» тақырыбында сөз сөйлейді деп күтілуде. Елімізде тұңғыш рет өт­кі­зіл­гелі тұрған халықаралық шара­ның мәні мен маңызын ашып көр­сету мақсатымен, сон­дай-ақ оның жұ­мысына кімдер және қандай сарапшылар қаты­са­тын болады, Қазақстан және халық­аралық қауым­дастық үшін нендей өзекті мәсе­лелер талқы­ланады, Астанадағы іс-шараның айырмашылығы неде? Осы, тағы басқа да сұрақтарға жауап беру үшін брифингке Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағасы Хариндер Коли мен «Назар­баев Университеті» АҚ пре­зиденті Шигео Катсу арнайы ша­қыр­тылыпты. Бірінші сөз кезегін алған Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына тоқ­талып, өткізі­ле­тін форумның маңыздылығын таратып айтты.

Еуразиялық форумның тең төрағасы Хариндер Коли форумның мақсаты мен жұмысы туралы баян­дады. Мұндай форумдардың мақ­саты – дамушы нарықтар тап болатын мәселелерді талқылап, елдер арасындағы диалогты жақсарту. Жаһандық экономикада дамушы нарықтардың маңы­зы артып келеді. Бүгінгі күні дамушы нарықтардың жаһандық ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызды құрап отыр, деді Хариндер Коли.

Шетел сарапшысы атап өт­кен­­дей, кейбір зерттеулер бой­­ынша 2050 жылға дейін дамушы нарықтардың жаһандық ІЖӨ-дегі үлесі 70%-ға жететін көрінеді. Яғни 2050 жылға қарай қазіргі дамушы нарықтар жетекші күшке ие бо лады екен. Тең төрағаның сөзіне қарағанда, аталмыш жаһандық форум осыған дейін жеті рет өт­кен. Келесі жиын Вашингтонда қа­зан айында ұйымдастырылады. Шара жетекшілері Қазақстанның вице-премьері Е.Орынбаевты осы үлкен шараға шақырып отыр. Ол шақыруды қабыл алды. Біз он­да «Қа­з­ақстан-2050» Стратегиясын талқылай­тын боламыз, дейді Коли.

Дамушы елдердің екінші Еу­ра­зиялық форумының Ас­та­на­да өткізілуіне біз де үлкен қызығушылық таныттық. Өйткені, Қазақстанның алға қойған мақсат­тарының орындалуына университет те қызмет етеді, деді «Назарбаев Университеті» АҚ президенті Шигео Катсу сөз кезегінде.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар