Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түлкібаста биыл алма бауының аумағы 100 гектарға ұлғаяды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Түлкібас ауданында биыл 100 гектар жерге алма отырғызу жоспарланған, оның 50 гектары қарқынды бау болмақ. Бүгінгі таңда 78 гектарға алма ағашы отырғызылды.

Түлкібаста биыл алма бауының аумағы 100 гектарға ұлғаяды

Ауданда алма бауының аумағы жылдан жылға ұлғайып келеді. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілген болатын. Ал алдыңғы жылы аудан көлемінде рекордтық өнім – 25 мың 150 тонна алма жиналған. Былтыр ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тонна болды.

Сондай-ақ алма өнімін қыста сақтау мақсатында ауданда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тонна. Биыл ауданда жалпы жеміс-жидектің көлемі 3335 гектар болып отыр.