10 Қыркүйек, 2013

Ақпараттар ағыны

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда қазірге дейін астықтың 18,4 пайызы жиналып алынды.Бұл 2 898,8 мың га алқапты құрайды. Ал биыл жалпы 21,4 млн. га жерге астық алқабы орналасты.

Қазақстанда қазірге дейін астықтың 18,4 пайызы жиналып алынды.Бұл 2 898,8 мың га алқапты құрайды. Ал биыл жалпы 21,4 млн. га жерге астық алқабы орналасты.

Оңтүстік Қазақстанда V инвести­ция­лық жобалар көрмесі өтіп, 30-ға жуық жұмыс таныстырылды. Шараның өтуі­не мұрындық болған облыс әкімі Асқар Мырзахметов қазіргі таңда аймақта үдемелі индустриялы даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер саны 101-ге жеткенін айтты.

Өскемендегі театр маусымы жазушы-драматург Оралхан Бөкейді еске түсіруден басталды. «Маусымның тап осы мерейтойдан басталуының өзінде үлкен нышан бар», деді кеш соңында жазушы шығармашылығын зерттеп жүрген жергілікті ақын Мұрат Тастағанов.

Алматыда «Балауса» балалар орталығы ашылды. «Бұл жерде тәжірибелі педагогтар балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді», – деді жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма басшысы Санжар Боқаев орталықтың ашылу салтанатында.

Қызылорда қаласына қарасты Иіркөл ауылының ауыз су проблемасы өз шешімін тапты. Кеше осында болған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мұнымен қатар, елді мекен тұрғындарының жолға, медициналық қызметке және бастауыш мектепке қатысты өтініш-тілектерін де орындаудың орайын келтірді.

Қарағандыда апатқа ұшыраған ұшқыш отбасына Астанадан пәтер берілді. Авиация апатынан қаза тапқан полковник Марат Едігеевтің отбасына кеше елордадағы үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

Каспий теңізі айдынындағы ыққан катамаран жағаға шығарылды. Осы арқылы жел айдаған су көлігінде болған 1991, 1994 және 1997 жылдарғы төрт ер бала құтқарылды.

Қостанай қалалық сотының судьялары­на қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды. Атап айтқанда, қалалық сот төрағасы С. Мұх­та­ров пен судья С.Қашқынбаевқа тұр­ғындардан пара алды деген айып тағылып отыр.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,

TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55