Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Ақмолада көлік қозғалысына рұқсат берілді

1703 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақмола облысының аумағында 4 000-нан астам көліктің жүруіне рұқсат берілді.

Ақмолада көлік қозғалысына рұқсат берілді

Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланған алғашқы күннен бастап Полиция департаментінде Төтенше жағдай штабы құрылды, оның басты мақсаты аймақтағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте ведомствоның барлық күштері мен құралдарын үйлестіру және бақылау болып табылады.

Бұдан басқа мұнда тәулік бойы Call орталық жұмыс істейді. Штаб қызметкерлері, ал бұл көші-қон, әкімшілік, криминалдық полиция бөлімшелерінің және ведомствоның басқа да қызметтерінің өкілдері, ТЖ және өңірдегі карантиндік режим жағдайларына байланысты барлық мәселелер бойынша азаматтарға кеңес береді. Күн сайын шұғыл желінің телефонына ақмолалықтардан 150-200-ге жуық қоңырау келіп түседі.

Төтенше жағдай штабының тағы бір маңызды міндеті – Көкшетау қаласының айналасында және облыс периметрі бойынша орнатылған блокбекеттердің жұмысын онлайн режимінде бақылау, сондай-ақ Көкшетау мен аудан орталықтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының бекеттер арқылы өтуге өтініштерін жинау.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыздан бастап аймақта коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша карантиндік шаралар іске қосылды. Іс жүзіндегі шаралардың бірі автокөліктің кіруі мен шығуын шектеу, карантиндік аймақтың периметріне кіретін азаматтарды тексеру және фильтрлеу болды.

Осы мақсатта облыста тәулік бойы жұмыс істейтін блокбекеттер жұмыс істейді, олардың басты мақсаты көліктің қозғалысын бақылау ғана емес, сонымен қатар алғашқы қажетті өнімдерді, дәрі-дәрмектерді, егіс науқанының басталуына байланысты ауыл шаруашылығы техникасын жеткізетін автомашиналардың кедергісіз жүруі үшін кедергісіз өтуді қамтамасыз ету.

Айта кету керек, аймақта карантиндік режимді енгізу басталғаннан бері Полиция департаментінің Төтенше жағдай штабына мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардың көлік құралдарының жүруіне 13 200 өтінімі келіп түсті. Орташа алғанда, тәулік ішінде штаб қызметкерлері 3 500-ге жуық өтінішті қарайды, алайда тексеру қорытындысы өтініштердің басым бөлігі қайталанатынын немесе ақпараттық сипатқа ие екендігін көрсетті. Өкінішке орай, полицияда атап өткендей, қайталама өтінімдерді қарауға адам ресурстары жұмсалады, қосымша уақыт кетеді. Мысалы, келіп түскен 13 200 өтінімнің 9 000-нан астамы қайталанған болып шықты.

Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен бірінші қажеттіліктегі тауарларды, дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысатын көлік құралдарының жүріп-тұруына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларының жүруіне 4060 рұқсат берілді.

Өтінімдерді қарау тәулік бойы жүргізіледі, полиция қызметкерлері азаматтардан бұрын жіберілген өтініштерді қайталамауды сұрайды, өйткені оларды тексеру қосымша уақытты талап етеді, соның салдарынан өтінімдерді қарау мерзімі кешіктіріліп, тиісті рұқсат беріледі.