Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Қайырымды қырық әйел

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығында 40 әйел тіркелген. Іскер ханымдар #BizBirgemiz акциясы аясында 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік себетін дайындап, таратты.

Түркістан: Қайырымды қырық әйел

Іскер әйелдер Түркістан қаласымен қатар Отырар ауданы мен Құмтүйін елді мекені тұрғындарына да қолдау көрсетіп, алғысына бөленді. Қауымдастық мүшелерімен қолға алынған игілікті іске ерікті жастар қолғабыс жасады. Елді үрейлендіріп, еркіндігін шектеген дерттен арылуға дем болатын сауапты іске атсалысу әрбір азаматтың парызы, деп санайды түркістандық іскер ханымдар. Сондай-ақ олар басқа да кәсіпкерлерді қайырымдылыққа атсалысып, қиын-қыстау сәтте қиналған жандарға қол ұшын беруге шақырды.