Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда-өнеркәсіптік палатасының атсалысуымен осы елдің жетекші іскер топтарының 100-ден аса өкілдері қатысқан Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумын өткізді.

Шара барысында мажар тарапы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы, елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық ахуал, атап айтқанда, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, «жасыл экономикаға» өтудің негізгі аспектілерімен таныстырылды.
Форумда екі елдің экономикалық әлеуеті тақырыбында Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Қазақстан-Мажарстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы – Мажарстан Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Ұлттық экономика вице-министрі Антал Николетти, «Мажар сауда үйлері» компаниясының төрағасы Вильмош Шкультети және Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон баяндама жасады.
Бизнес-форум аясында тараптар сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдету мен оның аясын кеңейту мәселесін де талқыға салды.
«Егемен-ақпарат».